Түркістандықтар тайқазанды Астанаға шығарып салды

418
"Тайқазанды" Розақұл Халмұрадов қабыл алды

Қазақстан халқы Ассамблеясына — 20 жыл. Еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласында осындай тақырыпта бірлік эстафетасы бастау алды. Қ.А.Ясауи кесенесіне жиналған жамағат арнайы қойылған көрініс арқылы Абылай хан басқарған заманға енгендей болды. Сахналық қойылымда бір шаңырақ астында шоғырланған ұлттар мен ұлыстардың татулығы да көрініс тапты. Дәл осы күні күнгейліктер эстафетаның бас символы болған тайқазанды Елордаға шығарып салды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=qPKEUqW_gMw[/youtube]

Саяхат бірлік эстафетасы аясында жүзеге асады. Бастаманың символы болып бектілген тайқазанды ұлықтау үшін еліміздің рухани астанасына парламент мәжілісінің бірқатар депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, зиялы қауым және жергілікті тұрғындар жиналды. Елімізде ауызбіршілік артсын деп тілеген ағайын алдымен хан Абылай жүрген «аңыз-жолды» айналып өтпеді.

"Қазақстан халқы Ассамблеясына - 20 жыл - 20 игі іс"
«Қазақстан халқы Ассамблеясына — 20 жыл — 20 игі іс»

Сахналық қойылымда бір шаңырақ астында шоғырланған отандастарымыздың татулығы да көрініс тапқан. Олардың тыныс-тіршілігі мен мәдени шаралары да осында. Бастысы — олар елдегі бірлікті сақтаған тайқазанның қасиетін құрметтейді.

«Мен түркімен ұлттының өкілімін. Қазақстанда туғаныма өзімді бақытты сезінемін. Біздің мұнда бейбіт өмір сүріп, жоғары білім алуымызға, тіпті қызметке орналасуымызға да бар жағдай жасалған. Бүгін өз өңірімізден тайқазанды шығарып саламыз. Лайым, тайқазанымыз тоқтаған аймақтың ырысы таси берсін деп тілеймін».

Бастама аясында жиналғандар тайқазанның шағын үлгісін Астана қаласына аттандырды. Әрі қарай бас қаладан бастау алатын эстафета еліміздің өзге де аумақтарында жалғасады. Шарт бойынша тайқазанды қабыл алған өңір 20 игі іс атқаруы тиіс.

"Тайқазанды" Розақұл Халмұрадов қабыл алды

Нәзипа Шанай, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сектор меңгерушісі: «Бұл ізгіліктің шегі жоқ, шекарасы жоқ. Егер бір облыс өкілдері денсаулығы нашар 20 балаға көмек көрсететін болса, ал ендігі өңір балабақша салып, көпке жақсылық жасауына болады. Үйі жанып кеткен адамдарға баспана салып беру, тіпті, соғыс ардагерлеріне барып, көмек қолын созу — барлығы да осы эстафетаның аясында орындалады деп сенеміз».

Шараға қатысқан көпшіліктің қарасы қалың

Еліміздің татулығы мен бірлігінің белгісі болған тайқазан биыл сәуір айында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясында ел Президентіне тапсырылмақ. Осылайша жыл бойы өзге өңірлерді аралап, 1-желтоқсан күні киелі жерге кері қайтарылады деп жоспарланып отыр.