Түркістанның орталық базары көшіріледі

1427
Түркістандағы орталық базар

Елбасының тапсырмасы бойынша, әр қаланың ортасындағы базарлар сыртына шығарылуы тиіс. Түркістандықтар берілген тапсырманы орындауға бірден кіріскен. Шаһар сыртынан «Барлық» деп аталатын базарда ашқан. Алайда, сатушылар жаңа орынға көшуге келгенде белсенділік танытып отырған жоқ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GUP3ChzlE2Q[/youtube]

түркістандық саудагерлерден маза қашқан
түркістандық саудагерлерден маза қашқан

Хайриниса Әбішеваның саудамен айналысқанына бірнеше жыл болды. Көтерме бағамен сатып алған өнімдерін осында саудалап күнін көреді. Сатушы жаңа базарға көшуге үзілді-кесілді қарсы. «Жаңа базарға халық үйренгенше біраз уақыт кетеді. Сауда болмайды. Шығынға ұшыраймыз.Егер мына базардағы сатушының барлығы ауысып жатса, менде көшемін».

Түркістандағы бесік базар
Түркістандағы бесік базар

Орталық базардағы әйелдердің көңілі су сепкендей баслыған. Жылдың басында сауда жүрмей, шығынға батқан шақта қаланың сыртындағы жаңа базарға көшсек салықтарды төлей алмай қиналып қаламыз деп қорқады.

Түркістандағы орталық базар
Түркістандағы орталық базар

Жергілікті билік ағымдағы жылдың соңына дейін орталықтағы базарларды қаланың сыртына көшіруі тиіс. Босаған жерде көріктендіру жұмыстары жүргізіліп қоғамдық орындар ашылады деп жоспарлануда.