«Үйімізді жаңғыртудан өткізгені үшін қаржы төлемейміз!» Шымкеттегі Айбергенов өткелінде орналасқан үш қабатты үйдің тұрғындары осылай деп отыр. Олар мемлекеттік «Тұрғын үйді жаңарту» бағдарламасы бойынша жасалған жұмыстар сапалы болуы керек дейді. Ал осы бағдарлама әкімшісі болған Шымкент қалалық күрделі құрылыс мекемесі қаржыны өндіру үшін тұрғындарды сотқа берген.

000

Жасалған жұмыстардың кемшіліктерін суретке түсіріп алып, тәуелсіз сарапшылардың дәлелдемелерін қолдарына ұстап алған тұрғындар сот алдында жауап беруден қорықпаймыз дейді. Себебі, талапқа сай әрекет жасап отырғандарына сенімді. Негізі, жаңарту бағдарламасы аясында үйдің хасбетін жөндеуге мұнда 11 млн. теңге жұмсалған. Халық сол қаржыны 20 жыл көлемінде қайтарудан бас та тартпайды. Тек құрылыс барысында жіберілген олқылықтарды жауаптылар қалпына келтіріп берсін деп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=x6Cc99Y0gu8[/youtube]

Жөндеу жұмыстарының аяқталғанына әлі 1 жыл болған жоқ. Алайда үй қабырғалыры үгітіліп, шатырынан аққан су көпшіліктің ашу-ызасын тудырған. Пәтер иелері мердігер мекеме осыны ретке келтірсын деп жазған арыздарына құлақ асар жан табылмағанына наразы. Іс насырға шауып, дауға сот араласқанда ғана құрылысқа тапсырыс берген күрделі құрылыс бөлімі кемшілікті жоямыз деп уәделерін берген.

Жалпы, тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы бойынша өткен жылы Шымкентте 38 көпқабатты үй жөнделді. Биыл 86 үй жөнделеді деген жоспар бар. Ал Айбергенов өткеліндегі мына үйдің мәселесін енді оны сот қана шешуі мүмкін.