Бүгін белгілі болғандай, Шымкентке Қытайдан әкелінген автобустар жолға шықты. Өткен апта соңында «Грин бус» компаниясы Қытайдан 200 автобус әкеліп, жолаушылар тасымалымен айналысуға ниетті екенін айтқан едік.
Содан соң компания қалалық көлік бөлімінің өткізген мемлекетік сатып алу конкурсына қатысып, 5 бағыт бойынша жеңімпаз атанды. Таңертеңнен бастап № 74, 135 және 19 бағыттар бойынша 60 автобус жолаушы тасымалдауға кірісті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tlld4vD3ZVU[/youtube]