Шымкент қаласында «Айфон» смартфонының жалған түрін сатып жүрген кәсіпкер ұсталды. Мұны әділет департаментінің мамандары кезекті тексеру барысында анықтады. Шымкенттік кәсіпкер мұндай құйтырқылықты Қырғы базардағы «Аңсар» дүкенінде іске асырып отырған.

013
Шұғыл түсірілім

Анықталғандай, сауда орнында 49 дана жалған тауар саудаға шығарылған екен. Олардың барлығы тәркіленіп алынды. Сапасыз ұялы телефонды кәсіпкер 20 мың теңгеден сатып келіпті. Енді бұл азамат ірі көлемдегі айыппұл төлеуі мүмкін. Ал осы заңсыздықты тағы қайталаса, үстінен қылмыстық іс қозғалуы да ғажап емес.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ci0uniQTIiY[/youtube]