Республикалық «Зерде» конкурсына Оңтүстік Қазақстан облысы атынан қатысқан оқушылар І орынды және «Ең үздік команда» номинациясын жеңіп алды. Республикалық Х шығармашылық жобалар және зерттеу жұмыстары байқауы Көкшетау қаласында 28-30 қаңтар аралығында 1, 7-сынып оқушылары арасында өтті.
Көкше жерінде өткен республикалық «Зерде» ғылыми жобалық сайысынан қатысқан 16 жасөспірімнің барлығы жүлделі орынмен оралды. Солардың бірі — математика пәні бойынша 3-орын алған, №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Дамир Қуаныш.
Дамир Қуаныш:»Менің тақырыбым — математикадағы таңғажайып жеті санының рөлі. Мені дайындаған ұстаздарыма рахмет!»
Республика бойынша 14 облыстан 358 оқушы бағын сынаған сайыста Оңтүстіктен қатысқан 16 оқушы жүлдегер атанды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Iw-wCINhszY[/youtube]
Шолпан Ізтілеуова, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары: «Байқауға облыстан алдыңғы жылдарға қарағанда оқушылар көбірек барды. Ол кезде 13 баланың 4-5-і ғана жүлдемен оралған. Ал биыл барған 16 баланың барлығы жүлдемен оралды. Атап кету керек, дайындық өте жоғары деңгейде. Бұл — оқытушылардың еңбегі. Сондықтан біз биыл жоғары нәтижеге қол жеткізіп отырмыз.»
«Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау нәтижесі бойынша жүлдегерлерге арнайы сертификаттар мен дипломдар табысталды.