Жастар арасында қылмыс саны өскен. Еңбекші ауданының прокуроры осындай мәлімдеме жасады. 2014 жылмен салыстарғанда кәмелетке толмағандар да қылмыс жасаудан алдына жан салмай отыр.

001

2015 жылдың бір айының ішінде Еңбекші ауданындағы жасы кәмілетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық 60 пайызға жеткен. Керек десеңіз, наркологиялық орталықта 12 жасөспірім есепте тұр. 2014 жылы аудандық прокуратура қызметкерлері 12 рейд өткізіп, 145 жасөспірімдер ұсталып, бейімдеу орталығына жеткізілген.

Марат Сматов, Еңбекші ауданының прокуроры: «Қазіргі кезде 1 айдың ішінде жасөспірімдерге қатысты 8 қылмыс тіркелді. Былтырмен салыстырғанда 60,4 пайызға өсіп кетті. Алдыңғы жылдары азайған болатын, ол қуанарлық жағдай еді. Ал биыл өсіп кетті.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ljAke-XP9-o[/youtube]

Жастар арасындағы қылмысты ауыздықтау үшін жұмыстар жасалып жатыр. Бірақ білім ордаларында инспекторлардың жетіспеушілігі көбіне қол байлап отыр.

Мамандар жастар арасындағы қылмысты тоқтату тек мектептің  міндеті емес, отбасындағы тәрбиеге ден қою қажет дейді. Түнгі сағат 11-ден кейін ата-анасының қарауынсыз көше кезіп, ойынханаларды жағалап жүрген және себепсізден ұсталған жастардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ұмытпау керек.