Өзінің 3 жасар туысқан інісін айуандықпен өлтірген 20 жастағы Евгений Бойкоға қатысты сот үкімі шықты. Ол жиенін екі күн бойы қинап, азаптап өлтірген. Одан кейін денені айдалаға апарып көміп тастайды. Тергеу барысында анықталған бұл қылмысты айыпталушы толық мойындады.

009

Бұл қанды оқиға 2014 жылдың қараша айында Шұбарсу ауылында болған еді. Жалғызілікті Евгений Бойко 3 жасар жиені Максимді Шымкентте тұратын анасынан бірнеше күнге сұрап алып, қала сыртындағы үйіне алып келіпті. Бұған дейін де бірнеше рет осылайша қыдырытуға алып кетіп жүрген інісінен әпкесі еш күдіктенбеген. Алайда бұл жолы жағдай қайғылы аяқталды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xeGz0T4sBlY[/youtube]

Тасбауыр Евгений әуелі жиенінің аяқ-қолын сыммен буып, қинаған. Мұнысымен қоймай, шешіндіріп, ыстық пешке отырғызып, азаптаған. Сот қылмыскерді 18 жылға қатаң режимдегі түрмеге қамау туралы үкім шығарды.

Ал марқұм баланың ата-анасы қаніпезерге тағайындалған соттың шешімен келіспейді. Қалай болғанда да енді бұл жаза 15 тәуліктен кейін заңды күшіне енеді.