Жол апатын жасаған полицей сотталды

193
фото: //newsn.ru

Оңтүстік Қазақстан облысында соңы кісі өліміне әкеп соққан жол апатын жасаған учаскелік полиция қызметкері сотталды. Ол көлігімен адам қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz порталы Түлкібас аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтановқа сілтеме жасап хабарлайды. Кінәлі азамат 2,5 жылға түрмеге қамалды.

фото: //newsn.ru
фото: //newsn.ru

Қайғылы оқиға Түлкібас ауданында 2014 жылдың 24 маусымы күні орын алды. ВАЗ көлігін басқарған жүргізуші қонақтан үйіне қайтып келе жатқан жергілікті тұрғынды қағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, көліктің ішінен көрші ауылдың учаскелік инспекторы шығыпты.

Сол маңдағы адамдар оған жарақат алған азаматты ауруханаға апаруды ұсынғанымен, тәртіп сақшысы машинаға отырып, кетіп қалған. Жүргізуші мас еді дейді тұрғындар.

Алайда бұл жағдай сотта дәлелденбеді. Тергеу органының қызметкерлері күдіктініүш тәуліктің ішінде сараптамаға апарып, қанын тексеруі керек еді. Бірақ, ешкім олай жасамапты. Сондықтан полиция қызметкерінің мас болғаны сотта дәлелденбеді. Әйтпесе жаза бұдан да қатаң болар еді.

«Сотта айыпталушының қызметтестері берген жақсы мінездеме және жасы кәмелетке толмаған үш баласы бар екені ескерілді» дейді сот төрағасы.

Сот барысында марқұмның туыстары моральдық шығын ретінде айыпталушыдан 5 миллион теңге талап еткен. Дегенмен, сот жәбірленушілерге 1 миллион теңге төлеуді талап етіпті.