Қаратау ауданында халыққа қызмет көрсетудің жаңа орталығы ашылды

1052

003

Қаратау ауданының тұрғындары үшін жағымды жаңалық. «Нұрсәт» шағынауданында №5 халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Жаңа орталықтың тұсауын қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мен Қаратау ауданының әкімі Ғалым Исмаилов кесті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=T6sLcW2NqlU[/youtube]

Басшылар енді бұл ауданның халқы құжаттарын рәсімдеп, қажетті анықтаманы алу үшін табан тоздырмайды дейді. Себебі, жаңа орталықта электронды қызметтің барлық түрі көрсетіледі.

004

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қаратау ауданында 210 мың халық тұрады. Бұл қаладағы ең үлкен ауданның бірі болғандықтан, басшылық аудан үшін екінші халыққа қызмет көрсету орталығын ашуды жөн көріпті. Оның бірі Сайрамдағы Ақсукентте орналасса, екіншісі «Нұрсәтте» ашылып отыр.

005

006

Суреттерді түсірген — Сәбит Тастанбек