17-21 ақпан аралығында Шымкент қаласында өткен Қазақстан Респуьликасы ішкі істер министрлігі төтенше жағдай комитетінің қысқы спартакиадасының волейбол бойынша жарысы мәресіне жетті.
Жартылай финалда Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдай департаментінің командасы Қызылорда облысының ТЖД командасымен, Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖД командасы Қарағанды облысының ТЖД командасымен алаңға шықты. Екі кездесу де аса тартысты өтіп, ойыншылар өз шеберліктерінің жоғары дәрежеде екендерін көрсетті.
Ақтық сайысқа Шығыс Қазақстан облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының командасы шықты. Тартысты өткен финалда шығысқазақстандық спортшылар өздерінің мықты екендерін тағы да бір рет дәлелдеп, жарыстың чемпиионы атанды. Сонымен, волейбол бойынша өткен жарыстың жеңімпаздары:
1 орын — Шығыс Қазақстан облысының ТЖД
2 орын — Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖД
3 орын — Қызылорда облысының ТЖД
Барлық жеңімпаздар мен үздік ойыншылар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды. Жарыстың салтанатты жабылу рәсімінде сөз сөйлеген ОҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Б. Сопбеков барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, командаларға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.
Дереккөз: ОҚО ТЖД баспасөз қызметі