Осыдан бірер сағат бұрын қаладағы Рысқұлов даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында 800 мм орталықтандырылған су құбыры жарылды. Қазіргі кезде «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-нің мамандары жарылған құбырды жөндеуге кіріскен.
Осы келеңсіздіктерге байланысты Рысқұлов даңғылының бір бөлігі уақытша жабылып, Теріскей, Төменгі және Жоғарғы Отырар ,16,17,18 ,Самал-1, 2 және Түркістан, Айқап шағынаудандарында тұратын 15 мың тұтынушы уақытша ауызсудан ажыратылады. Сумен қамту мекемесінің басшылығы бұл қолайсыздықты тезірек шешуге уәде беріп отыр.