Қоғамдық көлік жүргізушілерінің ереже бұзғанын көрсеңіз, WhatsApp-пен хабарлаңыз

288

Ендігі жерде қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол жүру ережесін сақтауы қатаң назарда болады. Жүргізушілердің тәртіп бұзғанын көрген және оны түсіріп алған Шымкент тұрғындарының WhatsApp Messenger бағдарламасы бойынша хабар беруіне болады. Бұл туралы қала әкімдігінің жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев пен қала әкімінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

002

Мұндай қадамға түрткі болған оқиғалардың бірі үстіміздегі жылдың 10 наурызы күні сағат 16:40-та орын алды. Елшібек батыр көшесінің бойында «Экспресс» ЖШС-не тиесілі № 58 бағыттағы автобустың жүргізушісі Нұрбақыт Ізтілеуов жолдың ортасындағы тұтас екі сызықты кесіп өтіп, қарсы бағытқа шығады. 25 жастағы жүргізушісі осылайша № 74 бағыттағы автобусты басып озады.

Автобустардың соңынан келе жатқан автокөлік жүргізушісінің бейнетіркеу құралына жазып алынған бұл оқиға YouTube видеохостингінде жарияланды.

Осылайша бұл видео жүргізушінің кінәсін дәлелдеуде бұлтартпас айғақ болып, оның негізінде әкімшілік хаттама толтырылды. Одан кейін іс сотқа жіберілді. Енді Нұрбақыт Ізтілеуов жүргізуші куәлігінен бір жылға айрылуы мүмкін. Қазіргі таңда бұл жүргізуші жұмысынан қуылыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=pd1UcEfH5gk[/youtube]

Екінші оқиға 2015 жылдың 11 наурызы күні сағат 09:15-те Байтұрсынов көшесінің бойында тіркелді. «Ман Оңтүстік» ЖШС-не тиесілі № 35 бағыттағы автобустың жүргізушісі, 28 жастағы Нұрсұлтан Құрманбаев көше қиылысының алдында тұтас сызықты кесіп өтіп, жолдың қарсы бағытына шыққан. Оны басып озбақ болған № 27 бағыттағы автобустың жүргізушісі, 32 жастағы Берік Құлматов та жол жүру ережесін бұзады. Өзара жарысқан жүргізушілер осылайша автобустарда отырған жолаушылардың өміріне қауіп төндірген.

Бұл жарысты да шымкенттік жүргізушілердің бірі бейнекамераға жазып алып, тағы сол YouTube видеохостингінде «Город Шымкент» нигімен жариялайды. Бұл іске қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолдануы мүмкін. Қазіргі таңда жүргізушілер Нұрсұлтан Құрманбаев пен Берік Құлматов жұмыстарынан босатылды.

003

002

Осындай жағдайды ескере отырып қалалық әкімдік пен ішкі істер басқармасының өкілдері тұрғындарды белсенді болуыға шақырады. Егер кімде кім жолаушылар көлігі жүргізушісінің ереже бұзғанын көріп, оны видеоға түсіріп алған болса, онда +7 701 707 01 00 нөміріне WhatsApp арқылы жіберуіне болады. Осылайша қала жолдарындағы қауіптің бетін бірге қайтарамыз дейді мамандар.