Шымкентте азаматтардың төрт санаты қоғамдық көліктерде тегін жүре алады. Қаладағы көлік компаниялары тегін жүру мүмкіндігін беру туралы меморандумға қол қойды.
Олар — Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «ҰОС жылдарындағы қажырлы еңбектері үшін» марапатын алған тыл еңбеккерлері, І топтағы мүгедектер және «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Южавтотранс» қауымдастығы және «Оңтүстік Транс Құлагер» компаниялары осы үшін өзара келісімге келіп, арнайы меморандумға қол қойды. Жоба 1 сәуірден бастап күшіне енбек.