Өртенген базар иелеріне көмек көрсетіледі

493

Түркістандағы «Қуаныш» базарының саудагерлеріне қаржылай көмек көрсетілетін болды. Бүгін кәсіпкерлер палатасында бас қосқан базар басшылары 500 мың теңгенің қаржысын аудару үшін банктен есеп-шот ашу туралы келісімге келді.

003

Жиналған қаражат арнайы комиссияның шешімімен зардап шеккен саудагерлерге үлестіріледі. Бұдан бөлек, шығынға ұшыраған әрбір кәсіпкерге базар басшысы 100 мың теңгеден өтемақы төлемек.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері салықтық төлемдерді төлеуде жеңілдіктер жасауға және банктен несие алған саудагерлерге көмек көрсетуге уәде етті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ktn2IPuQxwM[/youtube]

Еске сала кетейік, Түркістан қаласындағы орталық базардан наурыз айының басында өрт шығып, саудагерлер мен кәсіпкерлер шығынға ұшыраған болатын. Іле-шала аудан басшылығы зардап шеккендердің көмексіз қалмайтынын мәлімдеген.