Шымкенттік 3 жастағы сәби Айару Мақсатқызының жағдайы мүшкіл. Бүлдіршін аты жаман дертке шалдыққан. Енді оның көмейіндегі паппиломаны оңтүстіккореялық дәрігерлер бірнеше рет ота жасау арқылы ғана алып тастай алатындарын айтқан. Ендібауыр еті баласын аман алып қалу үшін ата-анасы жаны жомарт жандардан көмек күтіп отыр.
Түні бойы жылап, мазасызданған Айару таңертең ғана ұйқыға бас қояды. Себебі, көмейіндегі ісіктен тынысы тарылады. Бұл аз дегендей, жүрегі, бүйрек, бауыры қосылып, сыр бере бастапты. Небәрі 2 жасында қатты науқастанған сәби Алматыдағы жан сақтау бөліміне түсіп, жеңілдікпен ота жасалған екен. Көп ұзамай ол қайта өсіп, нәтижесінде Айаруға бір жылда 3 рет ота жасалған.
— Түнде баламыз жылап, ауырған сәтте жанымызды қоярға жер таппаймыз. Оны емдетуге де қаржымыз жоқ, енді көпшіліктен көмек сұраудан басқа амалымыз қалмады. Біздің күйімізді сөзбен айтып эеткізе алмаймын, ешкімнің пешенесіне мұндай қиындықты жазбасын деп тілеймін, — дейді Айарудың ата-анасы.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Mfc_XQ1zvQ8[/youtube]
Айта кетейік, Оңтүстік Корея мамандары жасайтын отаның құны — 30 мың АҚШ доллары. Бұл қомақты соманы жинау үшін 21 жастағы ана мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарынан қолдау сұраған.
Қайырымдылық акциясы ұйымдастырылған, алайда бар-жоғы 34 мың теңге жиналған. Сонда да мойымаған жас ананы жомарт азаматтар табылады деген үміті осы күнге дейін жеткізіп отыр. Бүлдіршінге аяушылық танытып, сауығып кетуіне үлес қосқыңыз келсе, 8 702-469-17-83 телефонына хабарласуыңызға болады.