Облыстық балалар ауруханасында 6 ай ішінде 102 жүрек отасы жасалған. Бұған дейін осы аурухананың дәрігерлері салмағы 10 келі болатын балаларға күрделі жүрек отасын жасаса, енді мамандар салмағы 3 келіге дейінгі балаларға да ота жасай алады.
Бұл жайында 6 айлық жұмыстың есебін берген аурухана басшылығы мәлімдеді. Олардың айтуынша, өңірде балалар кардиохирургиясы қарқынды дамып келеді. Соның айғағы — жергілікті оташылар оңтүстікқазақстандық балақайларды ғана емес, Тараз, Қызылорда өңірлерінің науқастарын да қабылдауда. Айтуларынша, енді өңіріміздің бөбектеріне емделу үшін Астана мен Алматыға барудың да қажеті жоқ.