фото: //spbgp44.ru

Шымкетте Ұлы Отан соғысының ардагерлері арнайы ашық есік күні ұйымдастырылады. 14 наурыз күні таңертеңгі сағат 9:00-ден бастап Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне және мүгедектерге арнап облыстық клиникалық аурухананда ашық есік күні өтеді. Келушілерге арнайы мамандар кеңес беріп, қажет болған жағдайда қарт кісілердің осында ультрадыбыстық зерттеуден және компьютерлі томография арқылы тексерілуіне жағдай жасалады.