Білімнің бүгіні мен ертеңі

451

Шымкент қаласы ұстаздарының еңбегі жемісті. Бұл туралы «Білімнің бүгіні мен ертеңі» атты қалалық акция аясында белгілі болды. Шымкенттік оқушылар халықаралық, республикалық, облыстық білім сайыстарында жүлделі орындардан көрініп келеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=uQCIXrHwevI[/youtube]

Сондай-ақ, мемлекеттік қолдауға ие болған инновациялық жобалары да бар. Олардың ең табыстылары көрмеге қойылды. Аты әлемге танымал ғалымдарды да мойындатқан ғылыми жобалардың авторлары да шымкенттің шәкірттері болып шықты.

Білімнің бүгіні мен ертеңі қалалық акциясы барысында «Жас ұлан» ұйымының белсенділері мен үйірмешілері өз жұмыстарын ұсынды. Білімді ұрпақ өкілдері өздерінің ғылыми жобаларын көрмеге қойды. Оны көпшіліктің алдында қорғады. Солардың бірі – Данияр Абылтаев. Ол бала денсаулығына зиянды ойыншықтардың орнына экологиялық таза дүниелерді ойлап тауыпты.

Бұл жобалар халықаралық білім додасында жетістікке жеткен. Былтыр 20 оқушы ғылыми еңбегін дәлелдеп, табысты оралса, биыл оларың қатары 24-ке артқан.

Үздіктердің қатарында № 25, 80, 65 және №9 мектеп-лицейдің оқушылары бар. «Олардың жетістігі – шымкенттік ұстаздардың жемісі, білімнің бүгіні» дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиев.

Акция аясында бас қосқан білім саласының үздіктері бейнефильм тамашалады. Жетістіктерді бағамдаған үгіт тобының өнерін тамашалады. Халықаралық дәрежеде дара шапқан шәкірт пен ұстаздар марапатталды.