Шымкентте «Даму» қорының қолдауымен балабақша ұлғайтылды. 112-орамда орналасқан мектепке дейінгі мекеме енді 100 балаға дейін қабылдай алады. Замануи талапқа сай бой көтерген нысанда қызметшілер қатары да артып отыр.

55555555555555555555Мұнда би сабағы логоритмика әдісімен өтіп жатыр. Бүлдіршіндермен бірге билеп жүрген хореографтар бұл әдіс баланың музыкалық қабілетін де ашады дейді. Ал әуезді әнге ырғалған жұптар көктем мерекесіне дайындықтарын бастап кеткен.

Балабақшаға деген сұраныс жыл санап артып келеді. Осыны ескерген меншік иесі кәсібін кеңейтуді жоспарлаған. Қордың қолдауымен жеңілдетілген пайызбен несие рәсімдеп, сыйымдылықты арттыру үшін қосымша ғимарат салыпты.

Балалар бақшадан қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйреніп шығады. 5 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мекемеде бүгінде 1 жастан 5 жасқа дейінгі 40 бала тәрбиеленіп жатыр. Енді бала саны да артып, жаңа жұмыс орындары да ашылады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ATO_KZeM2bo[/youtube]

Балабақша әзірге толық және жарты күндік тәртіпте жұмыс істейді. Тәрбиешілер енді ата-аналардың өтініші бойынша ұзартылған күн тобын ашып, тіпті, демалыс күндерінде де балаларды қабылдауға әзір.