Мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтайды

466

20 наурыздан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауыты жоспарлы күрделі жөндеуден өту үшін уақытша жабылады. Жөндеу жұмыстары 30 күнге созылады. Әзірге ескі кәсіпорындар үш жылдық циклге көшпеген. Сондықтан жыл сайынғы жөндеуді қажет етеді. Мамандардың айтуынша, жоспарлы жөндеу жұмыстарын күз маусымынан көктемге ауыстыруға жанар-жағармай нарығындағы тұрақсыздық себеп болған.

014

Дегенмен, мамандар алдағы айларда жанар-жағармай тапшылығы болмайды деп сендіреді. Қазіргі таңда облыс аумағындағы тұтынушылар айына 50 мың тонна бензин жағады. Ал бірнеше апта бұрын Ресейден жанармай еркін жеткізілетін кезде жанармай қоры 150 мың тоннаға дейін жетіпті. Сондықтан деген мамандар қазір нарықта бензин қоры жеткілікті және бағасы қымбаттамайды деп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=TembR5kl6Hg[/youtube]

Қайыпбек Қамбаров, ОҚО «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы: «Нарық — тұрақты, бағаның қымбаттау құбылысы байқалмайды. Бір литр АИ-92 жанармайы 99 теңге төңірегінде сатылады. Мүмкін, көтерме баға аздап қымбаттауы мүмкін. Себебі, бұған дейін біраз арзандаған еді.»