Оңтүстік халқы Жайнау күнін атап өтті

457

Наурыз мейрамын өткізудің тоғыз күндік жоспарына сәйкес бүгін өңірімізде «Жайнау күні» болып белгіленген. Бүгін мереке алдындағы соңғы апта болғандықтан, қалалар мен елдімекендерде орталық көшелер безендіріліп, мерекелік күйге енеді. Оқу орындары мен мәдени ошақтарда түрлі мерекелік шаралар қолға алынып, ұйымдастырылуда.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=kNejWIdr8rg[/youtube]

Шымкентте белсенді жастардың қатысуымен қоғамдық көліктерге мыңнан астам мерекелік стикер жабыстырылып, қала көшелеріне 20 баннер мен 400 жалауша ілінді. Сонымен қатар, қала тұрғындарына Наурыз мерекесінің нышаны бейнеленген мыңнан аса парақша таратылды. Бұл бастама өңірдің барлық аудан қалаларында да жалғасып отыр.

003

002

004

001

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі