Оңтүстікте мүгедектер саны артып келеді

335

Оңтүстікте мүмкіндігі шектеулі жандардың қатары артып келеді. Бұл жөнінде Қазақстан коммунистік халық партиясы өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде айтылды.

001

Басқосуға бірқатар мүмкіндігі шектеулі жандар мен жергілікті билік өкілдері және тілшілер шақырылған. Жиналғандар қоғамда жарымжан жандардың артуы ағайын-туыстың қыз алысуынан орын алады деп отыр. Сөздеріне сенсек, тума мүгедектер Сайрам ауданында жиі тіркелген.

Бұл жағдайдан бөлек шетелден тасымалданатын сапасыз өнімдерді тұтынудың соңы да қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Шарада облыстық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың басшылығы жуырда мүгедектердің жәрдемақысы артатынын мәлімдеді.

Несібелі Қаражанова, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ОҚОФ директорының орынбасары: «Барлық топ мүгедектерінің жәрдемақысы 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 25 пайызға көтеріледі. Зейнетақы төлеу орталығы құжаттарды қабылдаған күннен бастап, 7-9 күннің ішінде толық бектіліп, төлемге қосылып отырады.»

Ел аумағында мүгедектер үшін мемлекет тарапынан тағайындалған жәрдемақының орташа мөлшері — 21 566 теңге. Айта кетейік, бүгінде бір ғана Оңтүстікте 106 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар.