Облыс аумағындағы ескерткіш кешендері жөнделеді

577

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында өңірлердегі ескерткіш-мемориал кешендері жөндеуден өтеді. Соның бірі – Кентау қаласындағы мемориал.

Кентау әкімдігі Қожанов саябағындағы Ұлы Отан соғысындағы шайқаста ерлік көрсеткен ардагерлердің құрметіне ашылған мемориалды кешенді жөндеуден өткізуді жоспарлауда. Оған қоса есімдері қашалып жазылған гранитте ұмыт қалған ҰОС ардагерлерінің есімдері де мәңгі сақталмақ. Мереке күндері қарсаңында алау да жанады деп күтілуде.