Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 36-сессиясы әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа ғимаратта өтті. Депутаттардың талқылауына ұсынылған 17 мәселе алдын ала тұрақты комиссияларда жіті қаралғандықтан, 20 минутта шешім қабылданды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=p_CgDW3-z-Y[/youtube]
Жалпы, 2015 жылға арналған облыстық бюджеттің көлемі 429 млрд. теңге болса, ол 3,5 млрд. теңгеге ұлғайып, республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферт 35 млрд. теңгеге қысқарған. Елдімекендерді газдандыру, ауыл шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған қаржылар қысқартылмайтын болды.