Шымкентте «Жаңа өмір» атты бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан науқастардың қайырымдылық қоры өз жұмысын бастады. Қоғамдық ұйым осы санаттағы сырқаттарға медициналық, әлеуметтік, психологиялық көмек көрсетеді.
Айта кетейік, ағза мүшесі жетіспеушілігімен ауыратындар І топ мүгедегіне жатқызылады. Сондықтан олардың басым көпшілігі жұмыссыздар қатарын толықтырады.
Бастамашыл топ науқас жандарды жұмыспен қамтып, бизнеске тарту мақсатында жұмыс істейді. Жаңа ұйым нақты жобалар аясында «Даму» аймақтық қолдау қорымен бірлесіп, жұмысқа кірісті.