«ПетроҚазақстан Ойл» мұнай өңдеу зауытының жұмысшылары 26 сәуір күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауға байланысты қазіргі Елбасының кандидатурасын қолдайды.
Зауыт кеңсесі ғимаратының алдына жиналған жұмысшылар мен қызметкерлер Елбасының саясатын қолдайтындарын жаппай мәлімдеді. Ол үшін алдағы өтетін сайлауға белсенді түрде қатысамыз деп отыр. 30 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компанияда 1500-ге тарта жұмысшы бар. Биыл зауытты күрделі жөндеу жұмыстары басталады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zCA2UeAnjnY[/youtube]