Полицейлердің қатары көбейді

Наурыз мерекесі қарсаңында елімізде құқық қорғау қызметкерлерінің саны 117-ге артты. Бүгін елімізідң ішкі істер министрлігіне қарасты Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында болашақ офицерлерге сертификат тапсырылды.

001

Атырау, Ақтау, Солтүстік және Орталық Қазақстаннан келген тыңдаушылардың барлығы жоғары білімді, арнайы мамандық алғандар. Олар оқу орталығында жүйе бойынша 3 айлық курсты аяқтап, білімін жетілдіруді. Енді жас мамандардың ішкі істер саласында жұмысқа тұрып, офицер шенін алуға толық құқықтары бар. Ал оқу орталығындағы алғашқы дайындық және тәжірибелік, практикалық сабақтарды толық меңгерген болашақ офицерлер алдағы уақытта қызметін абыроймен атқаруға сақадай сай дайын.