Қала аумағының кеңейуіне байланысты шаһарда әлі 240-тан аса аялдама орнату қажет. Бүгінгі таңда қала басшылығы кезінде жекеге жалға беріліп, енді мерзімі аяқталған 29 аялдаманы анықтап, оны жаңарту жұмысын жүргізуде.

008

Жалға беріліп, пайдалану мерзімі аяқталған 10 аялдама бұзылды. Ескі аялдамалардың орнына қала орталығындағыдай үлгідей қызыл түсті аялдамалар қойылады. Жалпы, қала қоржынынан жалпы аялдамаларды күтіп-ұстаудың өзіне 30 млн. теңге қаражат қаралған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=OCQ3QgnvFjI[/youtube]

Шымшаһарда бүгінгі таңда 1129 аялдама бар. 407 аялдама қаланың коммуналдық меншігінде, 100-ге тарта аялдама түрлі ЖШС дің қарауында болса, тағы 134-і жекеменшікке берілген. Енді сол жекедегі мерзімі өткен аялдамалар кері қайтарылады.