Шымкентте қазақтың тазы тұқымды иттерін іріктеу жарысы шымкентте өтті. Бұл ерекше шараны аңшылардың «Қансонар» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Ежелден тазы ұстап, онымен аңға шыққан қазақ үшін бұл ит тұқымының орны ерекше.
Юта — Шымкенттегі тазының жалғыз тұқымы. Оның тұқымын алу үшін лайықты иттің жоқтың қасы дейді иесі. 3 жасар Юта Алматы, Таразда өткен көрмелерде жүлделі болып, Қазақстан чемпионы атанып та үлгерген.
Иттердің тазы тұқымына лайықтылығы, салмағы өлшеніп, жан-жақты қаралуда. Іріктеуден өткен иттер сәуір айында өтетін республикалық көрмеге қатыстырылады.
Бұл іс-шараның мақсаты — тазы тұқымының талаптарына сай иттерді іріктеу. Қорытынды бойынша тазылар халықаралық кинология жүйесіне тіркеледі.
Тараз бен Оңтүстік Қазақстан облысы — елімізде тазы тұқымдарының сақталған өңірлері. «Қансонар» қоғамдық бірлестігі аңшылық итті көбейтуді қолға алып отыр. Қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаты — елімізде туризм саласындағы аңшылық дәстүрді дамыту.
[youtube]http://youtu.be/1fY6JNVIVGc[/youtube]