Шымкентте әйелдер мерекесіне арналған көрме-жәрмеңке өтіп жатыр (фото)

1674

«Әйелдер — сұлулық тұмары». 8 наурыз мерекесі құарсаңында «Ынтымақ» этносаралық орталығының өкілдері осындай тақырыптағы жәрмеңе-көрме ұйымдастырды. Мерекелік көрмеге арулар қауымына арналған қолөнер бұйымдары мен көздің жауын алар әшкей жиынтықтар қойылған. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттар да бар.

"Әйел - сұлулық тұмары" көрмесі
«Әйел — сұлулық тұмары» көрмесі
Жұпар Бейсенова
Жұпар Бейсенова

IMG_7838

Жұпар Бейсенова жәрмеңкеде қарап отырған жоқ, кесте тігіп, сауда сөрелерін толықтыруда. Бүгінде киізден түрлі қолөнер еңбектерін жасап сататын келіншектің кәсіпті қолға алғанына 10 жылдың жүзі болған. Нәпақасын тауып, отбасын да осы шаруаға баулиды. Себебі тапсырыс жоғары. Қазақтың төл өнері бүгінгі қоғамға ауадай қажет дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BighFbOrWpA[/youtube]

Жұпар Бейсенова, қолөнерші: «Мен қазір ұялы телефондарға арналған қалташылар тігіп жатырмын. Киізден дайындалған өнімдерді бүгінде сатып алушылар да көп, себебі ұялы телефон тарапынан шығатын зиянкестерден киіз қорғайды. Бір сөзбен айтқанда, киіз өнімдерінің денсаулыққа пайдасы мол. Бір ғана шағын телефон қалташасын жасау үшін бірнеше күн қажет, сондықтан оның әрқайсысын 1500 теңгеден сатамын, айына шамамен 80 мың теңгедей пайда түседі».

IMG_7837

Ұлттық оюмен безендірілген киім-кешектер, тұрмыстық заттар мен қазақы киізден жасалған байпақтар. «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының құрамында 150 ұлттың өкілі болғандықтан, олардың мәдениеті мен тұрмысынан сыр шертер тұщымды еңбектер де осында. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, бұл бастама әйелер қауымын меркемен құттықтауға ғана емес, Елбасы жолдауын құнттауға да бастайды.

IMG_7841

IMG_7860

Гауһар Төлепова, «Ынтымақ» этносаралық мәдени орталығының төрайымы: «Көрме мерекенің мәні мен маңызын арттырады. Мұндағы әр қолөнер бұйымы үлкен шеберлікпен, үлкен махаббатпен дайындалған.  Сондықтан келушілер қатары да көп. Бұл іс-шара қолөнершілердің еңбектерін таныстырады, кәсібінің дамуына жол ашады. Елбасының шағын және орта кәсіпкерлік бағдарламасын жүзеге асырады.»

IMG_7835

IMG_7833

IMG_7849

Жәрмеңкеге ағылған ағайынның қарасы қалың болды. Олар шеберлердің қолынан шыққан тұрмыстық заттардан бөлек әшекей бұйымдарын кездестірді. Тоқыма өнеркәсібінің де өнімдеріне тәнті болып жүр.

IMG_7851

IMG_7852

Гүлбану Махмұт, қала тұрғыны: «Мен таңертеңнен бері жәрмеңкеде жүрмін, өзіме, достарыма сыйлықтар алдым. Киізден жасалған қалпақтар да ұнады. Көктем мезгілі ғой, ашық түстілерін ұнаттым, алдымызда жаз дегендей. Ең бастысы — бағасы көңілге қонымды.»

IMG_7853

IMG_7854

Бұл көрме 8 наурыз мерекесіне дейін жалғасады дейді ұйымдастырушылар. Ендеше, сіз де кеш қалмаңыз, оқырман!