Шымкентте балалардың тіс емханасы ашылды

1017

Шымкенттік бүлдіршіндер үшін арнайы тіс емханасы бар. Балдырғандар енді тісін емдетуге ересектермен бірге кезекте тұрмаса да болады.

Қалада алғашқы рет мамандандырылған балалар тіс емханасы ашылып отыр. «Бэби смайл» атты медициналық мекеменің ерекшелігі — балаларды ойната отырып емдейді. Бұл үшін емхананың жабдықталуы, ауруды емдейтін құрылғылардың барлығы арнайы дайындалған.

001

Жаңадан ашылған нысан бір қарағанда емханаға емес, балабақшаға ұқсайды. Өйткені медициналық мекеменің жабдықталуы балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін ерекше етіп жасалған. Мұндағы түрлі ойыншықтар, қабырғаға салыған суреттер ертегіден сыр шертеді.

Жасыратыны жоқ, ересектерге қарағанда балалардың тісін емдеу қиын. Бұл тұста тіс ауруының күрделілігі емес, бүлдіршіндердің дәрігерлерден қатты қорқуы қиындық тудырып жатады. Енді мұның барлығы артта қалды дейді мамандар.

002

Қала тұрғындарының бірі Людмила Цай көп уақыттан бері баласының тісін емдету үшін арнайы мамандандырылған емхана іздеген. Енді осы жаңадан ашылған медициналық мекемедегі қызмет арқылы екі бірдей ұлының тісін емдетпек. Жас ана мұндағы қызметтің сапасы да, бағасы да көңілімнен шығады дейді.

Емханада үш дәрігерлік кабинет жұмыс істейді. Мұнда он алты жасқа дейін жеткіншектердің тісін емдеуге болады. Медициналық мекемеде замануи үлгідегі, Европадан әкелінген медициналық құрылғылар толық заласыздандырылады. Ең бастысы — дәрігерлер балалардың тісін емдеу үшін бірінші кезекте психологиялық көмек көрсетеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=yib0sSjVitY[/youtube]

Айта кететін жайт, мұнда дәрігерлер балаларға әдеттегідей ақ халатта емес, түрлі-түсті киімде қызмет көрсетеді. Емханада тісін емдеткен әр балаға сыйлық та беріледі.

Назар аударыңыздар! «Бэби смайл» балалар тіс емханасында наурыздан бастап бір ай бойы тегін профилактикалық тексеруден өтуге мүмкіндік бар. Ең бастысы — медициналық мекеме демалыссыз жұмыс істейді. Мекенжайы: Темірлан тасжолы, 1 А/6. «Баян сұлу» сауда үйінің маңында.