Шымкенттік бойжеткен «Қазақ аруы-2015» байқауында жүлдегер атанды

Шымкенттік ару — Жайна Тұратбекова «Қазақ аруы -2015» байқауының жеңімпазы атанды. 16 жасар Жайна байқауға қатысуға өтініш білдірген 200-ге тарта үміткердің ішінен топ жарып, финалда 27 арумен сынға түсті. Баян Есентаева продюсерлік еткен ауқымды жобаның финалдық сайыс 18 наурыз күні Астана қаласында өтті.

Жайна Тұратбекова
Жайна Тұратбекова

Оңтүстіктің намысын қорғап, додалы жарыста бақ сынаған Жайна алғашқы іріктеу кезеңіне ғаламтор желісі арқылы суреттерін жіберіпті. Содан көрсетілген талаптарға сай келіп, финалға өткен. Жайна — сайысқа қатысушылардың ішіндегі ең жасы. Алайда жастығына қарамастан өзгелерді оқ бойы озып, «Қазақ аруы -2015» байқауының 1-орын иегері атанды.

Ал «Қазақ аруының» тәжі қарағандылық Кәмшат Қоскеловаға бұйырды. Астанадан оралған Жайна Тұратбекованы өткен түні туыстары мен ұстаздары, сыныптастары күтіп алды. Жеңісімен құттықтап, ақ тілектерін жеткізді.

Жайнаның сахнаға шығуы. Сурет http://bnews.kz/ сайтынан алынды

Сурет http://bnews.kz/ сайтынан алынды
Суреттер bnews.kz сайтынан алынды