Түркістанда базар өртенді

568

Түркістан қаласында базар өртенді. Куәгерлердің айтуынша, түнгі сағат 3-тер кезінде «Қуаныш» базарындағы бутиктердің бірінен жарылысқа ұқсас қатты дыбыс естілген. Содан кейін ұшқын шығыпты.

Оқиға орнына дабыл бойынша жергілікті өрт сөндіру бөлімінен бірнеше өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндірушілер келіп жеткен. Құтқарушыларға қоса саудагерлер де базарға келіп, өртке жақын жердегі заттарын сыртқа таси бастады.

Таңға жуық тілсіз жау ауыздықталды. Әзер ауыздықталған өрт орнында қазір арнайы қызмет мамандары жұмыс істеуде. Осында сақталған жанғыш заттардың бірі кенеттен атылып кеткен болуы мүмкін деген болжам да бар.

Абырой болғанда біршама аумақты қамтыған өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.