Түркістандағы базар өртінен залал шеккендерге көмек көрсетіледі

269

Түркістандағы төтенше жағдайдан зиян шеккен саудагерлер мен кәсіпкерлерге көмек көрсетіледі. Аудан әкімі осындай уәде беріп отыр.

Туркестан базар2

Еске салайық, Түркістандағы тілсіз жау түн ішінде шыққан. Өрт 600 шаршы жерді шарпыған. Осынша жердегі дүңгіршектер түк қалмай жанып кетті.

Соның салдарынан осында жұмыс істейтін бір кәсіпкердің денесін күйік шалып, аудандық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орны қоршауға алынды. Тонаушылыққа жол бермеу үшін өрт болған жерді ұзын-саны 200-ге жуық полиция қызметкері күзетуде.

Ал Түркістан ауданының әкімі зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдан келгенше көмек көрсетілетінін айтты. Қазір екінші деңгейлі банктермен несие төлеу мерзімін ұзарту бойынша келіссөз жүргізілуде.