Түркістандағы қазақ-түрік университетінде жас ақындар айтысы өтті. Бұл туралы Kazaitys.kz сайты жазады.
Түркістан қаласындағы қазақ-түрік университетінің мәдениет орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай университеттің продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Дарын-2015» фестивалі аясында жас ақындар айтысы өтті.
Фестивальдің мақсаты – Қазақ хандығының 550 жылдығын студент жастар арасында насихаттап, cтудент жастарды өнер мен көркем-шығармашылық құндылықтарға баулу, жас таланттарды таныту.
Жас ақындар арасындағы айтыс жоғары деңгейде өтті. Қазылар алқасының бірауыздан шығарған шешімі бойынша І орынды Тауыпалды Сұлужан қанжығаласа, ІІ орынды Сейдахмет Гүлмарал иеленді. ІІІ орынды Құрметжан Ербақ пен Мұсаев Жанғалиға бұйырды.