Татьяна Иванова және Халназар

«Отырар» телеарнасының тікелей эфирінде «Ғажайып сегіздік» бағдарламасы өтті. Онда жобаның демеушілері ұсынған сыйлықтар мен жүлделер ұтысқа қойылды.

004
Жүргізушілер – Ғалымжан Кенжебек, Әлімхан Дүйсенғалиев және Асқар Сәтбаев (солдан оңға қарай)

Екі апта бойы «Оңтүстік Рабат» пен «Рабат» газетінің оқырмандары арнайы лотореяны толтырып, редакцияға әкелген болатын. Енді, солардың арасынан бұйырғандары ұтыстарына ие болды.

Ұтыстар
Ұтыстар

Студияға жоба демеушілерінің өкілдері кезекпен келіп, ұтыстарды ойнатты. Олардың купондар салынған барабанды айналдырып, жеңімпаздарды анықтап берді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=CNoJDv-UdAs[/youtube]

Сонымен, алғашқы жеңімпаз да анықталды. Қала тұрғындары Татьяна Иванова мен Жанат Халназар «Ладушки» кондитерлік желісі ұсынған 10 мың теңгенің сертификатын ұтып алды.

Татьяна Иванова және Жанат Халназар
Татьяна Иванова және Халназар

Олар енді осы сертификатпен «Усадьба Ладушки» мейрамханасында қонақта бола алады.

Арада біраз уақыт өткен соң жолы болған тағы бірнеше қатысушының есімі анықталды. Равшан Юсупов Шымкентте жақында ашылған «Бірінші денсаулық супермаркеті» ұсынған тонометрді ұтып алса, Раушан Шамаева «Мерей»элиталы сұлулық салонының 20000 теңгелік сертификатына қол жеткізді.

008

Жеңімпаздарды арнайы келген студия қонағы Тахир Узденов әнмен құттықтады.

Одан кейінгі кезек зергерлік әшекей тастарын сатумен айналысатын Jenavi компаниясы ұсынған ұтыстаға келіп жетті. Бір айта кетерлігі, негізінен қыз-келіншектерге арналған әшекей заттарын сатып алуға мүмкіндік беретін 10 мың теңгенің екі сертификатын да ер жігіттер ұтып алды.

Шухрат Әбдіқадыров пен Берікбол Ахметов компания өкілімен бірге
Шухрат Әбдіқадыров пен Берікбол Ахметов компания өкілімен бірге

Жеңімпаздар сол сәтте-ақ 8 наурыз мерекесінде жарларына сыйлық таңдау мәселесі шешілгенін қуана мәлімдеді.

Ал «Мечта» дүкені ұсынған жүлденің иесін табу үшін жүргізушілер мен қонақтарға купондар барабанын екі рет айналдыруға тура келді. Себебі, купоны алғашқы болып алынған оқырманның өзі жазған телефон нөмірі уақытша өшіріліп тұр екен.

011
Надежда Колерова

Есесіне Надежда Колерованың телефоны қосулы тұрды. Дәл осы кісіге «Мечта» дүкені ұсынған шаңсорғышты ұтып алу бақыты бұйырыпты.

«Avenue» отбасылық мейрамханасы өз кезегінде әрқайсысы 10 мың теңгелік екі сертификат ұсынды. Оны кім ұтып алатынын анықтау үшін барабан айналдырып, купон тартқан мейрамхана маркетологы Анорой Ашурованың қолына Құралкүл Кендібаева мен Зуфархан Адахановтардың есімі ілінді. Зуфархан студияға отбасымен бірге келді. Олар мейрамханаға отбасымызбен бірге барамыз деп бірден айтты.

013
Зуфархан Адаханов және отбасы
014
Құралкүл Кендібаева
Тікелей эфир барысында жұмыс жасаған ұжым мүшелері
Тікелей эфир барысында жұмыс жасаған ұжым мүшелері

Сонымен, таңертеңгі сағат 09:30-да басталған тікелей эфирдегі ұтыс ойыны түс ауа сағат 17:00-де бір-ақ аяқталды. Осылайша «Отырар» медиахолдингі қолға алған ауқымда шара сәтті аяқталды.