Шымкентте жүк көлігі жол апатына ұшырады. Ақназархан көшесінде бетон әкеле жатқан жүк көлігінің иесі рөлді басқара алмай, аударылды.
Көлік бетон қабырғаға соғылып, жол шетінде жөндеу жасалып жатқан шағын автобусты ұрған. Оған қоса жаяу келе жатқан екі адамды басып қала жаздады. Бұл көрініс көшеден өтіп бара жатқан көліктің бейнебақылау камерасына жазылып қалған (бейнекадр ТВК телеарнасына тиесілі)
[youtube]http://youtu.be/C9lqx0d2DQ4[/youtube]
Соның салдарынан көлік жөндеуші мен жолаушы зардап шекті. Оқиға болған жерге жедел жеткен дәрігерлер оларды ауруханаға алып кетті. Қазір жол полицейлері апаттың анық-қанығын нақтылауға кірісті.