Жәрмеңкеде жергілікті өнімдерге орын берілген

290

Жергілікті өнімдерді іздеген жұрт әр сенбі күні өтетін жәрмеңкеге жиналуды әдетке айналдырған. Мұнда сапалы әрі арзан азық-түлік өнімдері саудаланады. Арнайы дүңгіршектердін шетел асып келетін тауарды мүлдем таппайсыз, тек Оңтүстікте жасалған өнімдерге орын берілген. Бұл жергілікті кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған қолдаудың бірі парасы іспеттес.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Yn3A2dGUJ9w[/youtube]

Бұл жолғы жәрмеңкеде өзімізде өсетін көкөністерді көптеп кездестіруге болады. Қияр, қызанақ, аскөк көздің жауын алады. Оған құлпынайды қосыңыз. Маусымдық өнімдердің бағасы әзірге жоғары, онысы түсінікті де. Сондай-ақ, ет өнімдері де тізіліп тұр. Өзімізде бордақыланатын жылқы еттерінің келісі мың теңгеден саудаланды. Ал шұжықтарға сұраныс басым. Жәрмеңкеге келген ағайын Оңтүстікте жасалған шқжық еттерін алуда белсенді. Мұны бағасының әлдақайда арзан сатылуынан дейді сатушылар.

Картоп, сәбіз, пияз, макарон өнімдерін арзан бағада халыққа ұсынатын әлеуметтік тауарлар тиілген жүк көліктері де тұр. Ал бағаға келгенде қарапайым тұрғындардың пікірі екіге бөлінді.

Десе де әр сенбі, жексенбі күндері өтіп жатқан жәрмеңкеге жиылатын халықтың қарасы қалың. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін шараны асыға күтетіндер де бар.