Шымкентте жер телімі ашық саудаланды. Араға бір жыл салып учаскелер ағылшын тәсілімен сатылды. Қалалық жер қатынастары бөлімі 10 лот бойынша әртүрлі көлемдегі, кәсіпкерлік мақсатқа бағыталған жерлерді ұсынды. Аукционға 40-тан астам азамат қатысып, бағын сынады.
Саудаға салынған 10 жер телімінің ең көлемдісі 700 текше метр шамасында болды. Кәсіпкерлік нысан үшін белгілінген жер 21 млн. теңгеге сатылды. Жалпы, бастапқы бағадан 10 пайыздық көтеріліммен саудалаған барлық жер телімінің құны 47 млн. теңгені құрады.
Шымкент қаласында 2014 жылы бірде-бір жер телімі ашық сауда арқылы сатылған жоқ. Ал биылғы аукционға қойылатын жер телімдерінің тізімін бекіткенде қалалық мәслихат депутаттары бюджетке түсетін қаражат қомақты болса деген ұсыныстарын да айтқан болатын.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ktwBVvHFSuQ[/youtube]
Жер телімін сатып алған жеңімпаздар алдағы 5 күннің ішінде бастапқы жарнасын төлеулері тиіс. Осы уақыт аралығында жер телімінің барлық құжаттары дайын болады. Мамандар аукцион арқылы жер алудың тиімділігі осында деп отыр.