Бүгін сағат күндізгі 11 шамасында Диваев пен Мәметова көшелерінің қиылысында қоғамдық көлік пен жеңіл автокөлік соғысып қалды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, № 96 бағыттағы шағын автобус басты жолға шыққанда, Лексус иесі оған жол бермеген.
Соның салдарынан джип Форд шағын автобусының бүйірінен соғады. Жеңіл көлік иесі қиылыстағы жол белгілерін байқамадым деп отыр. Жол апаты салдарынан қоғамдық көліктегі екі жолаушы зардап шекті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=s61Hue94f7s[/youtube]
Екі көлік иесі де жол полицейлерін шақырмауды жөн санап, өзара келісті. Лексус жүргізушісі шағын автобусқа келген шығынды өтеп, зардап шекккен жолаушыларға көмектесетінін уәде етті.