Қарағандыға қайырымдылық көмек аттанды

279

001

Оңтүстік Қазақстан облысының орталық мешітінде «Қайырымдылық – қадірлі іс» шарасы аясында Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай және гуманитарлық көмек керуені жөнелтілді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=grveR19UuSk[/youtube]

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облысымыздағы өкілдігі мен «Зекет» қорының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған акция барысында қаржылай 1 млн 357 мың теңге жиналды. Бұған қоса 400 келі ұн, 400 келі қант, 200 келі макарон, 300 келі күріш, 500 келі картоп, 300 келі пияз, 150 сөмке киім-кешек, 150 дана кілем және т.б. тұрмысқа қажетті заттар жиналды.

002
– Су тасқынынан зардап шеккендердің жағдайы баршамызға белгілі. Халқымызда «Тас түскен жеріне ауыр» деген қанатты сөз бар. Бауырларымыздың басына түскен ауыртпашылық — баршамызға ортақ мәселе. Сондай-ақ, қиналған пендеге көмектесу мұсылмандығымыздың айқын белгісі саналады, – деді облыс имамы А.Керімбек.

003

Естеріңізге салсақ, өткен аптада оңтүстікқазақстандық жастар су тасқынынан зардап шеккендер үшін он тоннаға жуық гуманитарлық көмекті Қарағанды қаласына жіберген болатын.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі