Шымкент қаласына қарасты Қаратау аудандық соты құрылды. Жаңадан ашылған аудандық сотта енді 7 судья қызмет ететін болды. Ал қазылардың төрағасы болып Оңтүстікте көп жылдан бері заң саласында қызмет етіп келе жатқан Ермахан Еркінұлы тағайындалды.
Қаратау аудандық сот төрағасы еңбек жолын алғаш сот орындаушысы қызметінен бастап, Сарыағаш, Ордабасы сынды аудандарда сот төрағасы болып жұмыс істеген. Жаңа орынға тағайындалған басшы көпшілік алдында өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындайтынын жеткізді.
Қаратау аудандық соты Шымкент қаласы, Тоқаева көшесі, №17 үйде орналасқан.