«Қазақзергерде» жеңілдік науқаны басталды

«Қазақзергер» дүкенінде жеңілдік науқаны басталды. Орталықтың ашылғанына 73 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған сатылым-көрмеде шетелдік және отандық эксклюзивті өнімдер ұсынылып отыр. 22 сәуірден 29 сәуірге дейін жалғасатын шара аясында зергерлік бұйымдарды жеңілдікпен сатып алуға болады.

555555555555555555555

Фатима Барақова жеңілдікті ести салысымен бүгін осында келді. Орайлы сәтті көптен күткен тұтынушыға алтын алқа сатып алудың сәті түсті.

Сатылым көрмесіне әсем әрі көздің жауын алатын әшекейлердің кең таңдауы ұсынылып отыр. Ресей, Армения, Украина және Белоруссия елдерінен тікелей жеткізілген тауарлардың жаңа түсімі де осында. Алмазбен апталып, гауһар тастармен көмкерілген әшекейлердің сапасы өте жоғары дейді зергерлер. Ұлттық өрнекпен нақышталған сырғалар мен салпыншақтар, алтын-күміс алқаларды да оңтайлы бағада сатып алуға мүкіндік туып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=__UB1NbgT0A[/youtube]

Элмира Бегманова, «Қазақзергер» зергерлік салонының директоры: «Русские самоцветы» өнімдері мен Армения, Белоруссия, Украина елдерінен келген тауарларға 30 пайыз жеңілдік бар, ал өз шеберлеріміздің қолынан шыққан бірегей өнімдер 25 пайыздық жеңілдікпен сатылады.»

Сатылым-көрмеде басымдық бірегей өнімдер мен шекара асып келген үздік әрі сәнді зергерлік бұйымдарға беріліп отыр. Жеңілдік науқаны 29 сәуірге дейін жалғасады. Шымкент қаласындағы Дулати көшесінде орналасқан зергерлік дүкеніне келіп, жеңілдікке ие болыңыз.