Әткеншек аударып, сырғанақ сыдырып кетпесін…

900

Көктем келді дегенше баланы үйде ұстап отыру мүмкін емес. Олардың асыр салып ойнағысы, жүгіріп-секіргісі келеді. Мұндайда көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы ойын алаңқайының маңызы зор.

Алайда Шымкент қаласындағы кейбір  ойын алаңқайының сиқы мәз емес. Жасалғанына көп уақыт болмаса да көбі қирап жатыр. Кейбірінің құрылыс талаптары дұрыс сақталмаған. Соның салдарынан ойын құрылғыларының түбіне су жиналады.

Енді бірінің түбіндегі қиыршық тасқа құлаған баланың жарақат алуы әбден мүмкін. Оған алаңқайда шашылып жатқан қоқысты қосыңыз. Ол аз дегендей, алаңқайға ретсіз қойлыған мәшинелер тағы бар.

Соынң кесірінен балалардың ойнайтын жері қалмайды. Осы ретте қалада қанша ойын алаңқайы бар? Ойын алаңдарын орнату мен оларға қызмет көрсетілуіне кім жауапты деген сауалға жауап іздеген болатынбыз.

Шымкент қаласында мыңнан астам ойын алаңқайы бар. Оның 200-і — Абай, 267-сі — Еңбекші, 400-і — Әл Фараби, ал 50-ге жуығы Қаратау ауданында орналасқан. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәліметіне сүйенсек, ауланы көріктендіру, күтіп-ұстау жұмыстары әр аудан әкімшілігіне жүктелген.

Осы аудандардағы ойын алаңшаларының жағдайымен танысу үшін бірқатар аулаларды аралап көрдік.

Сонымен:

3-шағынаудандағы балалар ойын алаңшасы

IMG_0489

IMG_0494

IMG_0502

Байқағанымыз, әр аулада әткеншек, саңырауқұлағы бар құмсалғыш, швед қабырғасы, баскетбол тақтасы, футбол қақпасы, теннис үстелі, орындықтар орнатылған. Орнату бір бөлек, жаңа алаңдарды әрі қарай жұмыс жағдайында сақтау — мүлдем басқаша.

Бейбітшілік даңғылы мен Ғ.Іляев көшесінің қиылысындағы ауладағы ойын алаңшасы

IMG_0531

IMG_0537

IMG_0553

Өкінішке орай, аулалық вандализм мен тазалық мекемелерінің қажетті қызмет көрсетпеуі салдарынан көптеген аулалардағы балалар алаңдары бұзылып, шашылып жатыр.

Абай ауданы бойынша инфрақұрылым және көріктендіру бөлімінің басшысы Гүлжан Алтаеваның айтуынша, аулалар мен ойын алаңқайларын қолдан келгенше күтіп-ұстауға тырысады. Алайда ауланы абаттандыру, күтіп-ұстау жұмыстарын белгілі бір мекемеге жүктеп, тапсырмайынша жағдай өзгермейді дейді ол.

А. Байтұрсынов көшесі бойындағы үйдің ауласындағы ойын алаңқайлары

IMG_0595

IMG_0597

IMG_0603

Әйтпесе, балақайлардың шымыр болуына үлесін қосатын, бірігіп ойнауға, көпшіл болуға үйретеді деп орнатылған бұл құрылғылар үшін жергілікті бюджеттен аз ақша жұмсалмағаны белгілі.

Мәселен, Абай ауданында 2014 жылы 23 ойын алаңқайы орнаталып, ол үшін жергілікті қазынадан 305 млн. теңге жұмсалған екен.

17-шағынаудандағы үйдің ауласындағы ойын алаңқайлары

IMG_0632

IMG_0642

IMG_0643

IMG_0669

IMG_0674

Еңбекші ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын да абаттандыру үшін аз ақша жұмсалмапты. 2014 жылы ауданда 18 ойын алаңшасы орнатылған. Ол үшін жергілікті бюджеттен 478 млн. теңге жұмсалыпты.

15-шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үй ауласындағы ойын алаңқайы

IMG_0685

IMG_0690

IMG_0688

16-шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үй ауласындағы ойын алаңшалары

IMG_0697

IMG_0704

IMG_0735

«Күншығыс» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үй ауласындағы ойын алаңқайлары

IMG_0787

IMG_0798

IMG_0800

Әл Фараби ауданындағы аулаларға ойын алаңқайларын орнату үшін былтыр 339 млн. теңге жұмсалған. Ал облыс орталығындағы құрылғанына көп уақыт өтпеген «Нұрсәт» шағынауданында ойын алаңқайлары тіпті жоқ деуге болады.

IMG_0838

IMG_0825

IMG_0832

Бір әттеген-айы — аулаларды аралап жүріп ойын алаңшаларына бөлінген ақшаның көкке ұшқаны байқалады. Алайда, соның барлығына да басқа біреу емес, өзіміз — қала тұрғындары кінәліміз екені екі есе өкінішті.

Дегенмен, қаланы аралап жүріп үлгілі аулалардың да бар екенін байқадық. Соның бірі 16-шағынауданда орналасқан.

IMG_0762

IMG_0770

IMG_0724

IMG_0731

Ендеше, барлығы өз қолымызда екенін ұмытпайық, ағайын! Балаларымыз таза әрі қауіпсіз аулада ойнасын десек, әркім өз ауласын абаттандырып, бұзылған дүниені жөндеуге тырысса, нұр үстіне нұр болар еді.