Қаруластары Бауыржан Момышұлын еске алды

620

Биыл даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына — 105 жыл. Мұны отандастарымыз ұмытқан жоқ. Қаламыздағы Абай кітапханасына жиналған жерлестеріміз батырдың ерлігі мен еңбектерін еске алды.

IMG_9736

IMG_9733

Жиынға кітапхана ұжымымен қоса тарихшылар мен майдангердің қаруласы Абылай Қзыбаев және бірқатар оқырмандар жиналды. Олар әскери қолбасшының өмірбаяны жөнінде кеңінен сөз етті, ал замандас жауынгерлер естеліктерді әңгімеледі.

Жас буын ақындар қаһарманға арнау өлеңдерін оқыды. Айта кетейік, майдангер-қаламгердің бүгінде «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Жазылмаған қолжазбалар» атты кітаптары жарық көрген.

IMG_9737

IMG_9730

Абылай Қазыбаев, ҰОС ардагері: «Бауыржан Момышұлы командир болды. Оның кемеңгерлігі мен батылдығын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Біздегі техникалық құралдар мен қарулар немістердіңкімен салыстыруға келмейтін жағдайда болса да шегінуге бастаған жоқ. Түрлі тәсілдер арқылы танкілерді ойсырата жаратын. Бұл оның жауынгерлік қабылетінің жоғары болғанын көрсетсе керек».