Қыста аяқталған екі балабақшаға әлі бүлдіршіндер қабылданбады

258

Шымкенттегі 320 орынды екі бірдей балабақшаның құрылысы өткен жылдың соңында аяқталғанымен, әлі күнге дейін балаларды қабылдаған жоқ. Нысанның құрылысын жүргізген мердігер компанияның бітірген жұмысын арнайы комиссия қабылдап алған.

002

Одан кейін балабақшаны қалалық білім бөлімі қабылдап алды. Атқарылған шаралардың барлығы уақытты талап етсе керек, балабақшаның ашылуы созылды. «Самал — 2» шағынауданындағы балабақша меңгерушісі тағайындалып, әділіт басқармасына тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Енді қызметтік штаты бекітіледі. Балабақша өз жұмысын бастаған күні №87 мектептегі шағын орталықтың бүлдіршіндері осында ауысатын болады.

Ал Тұлпардағы балабақшада әлі атқарылатын жұмыстар бар дейді жауаптылар. Таяуда өткен конкурста бұл балабақшаның меңгерушісі болып ешкім тағайындалмапты. Енді 3 сәуір, жұма күні тағы бір конкурс ұйымдастырылмақ.