28 сәуір күні таңертең Шымкенттегі №74 және № 92 бағыттағы автобустың қызметін пайдаланатын жолаушылар тиісті жеріне жете алмай әбігерге түсті. Жолаушы тасымалдау қызметіне жақында ғана кіріскен «Гринбас» компаниясының 38 автобусының жүргізушісі бірден жұмысқа шықпай қалды.
Олардың мұндай қадамға баруына компания басшылығының жүргізушілерден алынатын күндік ақыны 33 мыңнан 34 мың теңгеге көтеруі себеп болыпты. Өйткені жүргізушілер қала аялдамаларында уақытты айтып тұратын секунд санаушылардың қызметін пайдалануды бастаған. Ал бұл, сәйкесінше, көлік жарысын туғызады дейді компания басшылығы.
Жоалушылар тасымалдау саласына жақында ғана келген бұл компаниядағы осы жағдайды диспетчерлік орталықтың мамандары да түсінбей қалдық деп отыр. Олар таңертең бірден екі бағыттың автобустары жолға шықпағанын GPS қондырғысы арқылы байқапты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=BiTgY-aEpYo[/youtube]
Ал компания басшылары жүргізушілердің күндік табыс ақысын көтеруге амалсыз бардық дейді. Себебі жүргізушілер қала аялдамаларында уақытты айтып тұратын секунд санаушылардың қызметін пайдаланады. Ал бұл, сәйкесінше, көлік жарысын туғызады екен.
Осылайша бір мекемедегі басшылар мен жүргізушілер бітімгершіліке келе алмай жүргенде жолаушылар жапа шекті. Бір қызығы, бұл мекемеде кәсіподақ ұйымы жоқ және «Гринбас» компаниясы көлікшілер қауымдастығына да кірмеген.
Түске қарай жұмысқа шығуға қарсы болған жүргізушілердің орнына қосымша демалыста тұрғаны шақырылып, бағытқа шыға бастады. Ал қала әкімдігінің көлік бөлімі компанияға бірінші рет ескерту берумен шектелді.
Нұрлан Жаңабай