Батырлар ерлігін ұмытпағандар Шымкенттен Шұбайқызылға жаяу аттанды

362

«Жеңіс сыйлаған батырлардың ерлігін ұмытпаймыз!» Осылай ұрандатқан Оңтүстіктің жазушылары мен ақындары, журналистері мен жастары Шымкенттен Түлкібастың Шұбайқызыл ауылына дейінгі жолды жаяу жүріп өту акциясын бастады.

008

Бұл шеру Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналады дейді ұйымдастырушылар. 70 шақырым жолды олар екі жарым күнде жүріп өтпек.

Осы жолда Отан соғысында қаза тапқан батырларға арналған ескерткіш-монументтерге тоқтап, Құран аяттарын бағыштайды. Салауатты өмір салтын ұстанған топтың жанында полиция қызметкерлерінің арнайы тобы еріп жүреді.

006

Бастама иесі — белгілі қаламгер, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұт. Қазақстан жазушылар одағының облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтіп жатқан акцияға қатысушылар қатарында бірқатар зиялы қауым өкілдері мен жас қаламгерлер және БАҚ өкілдері бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ts3XP2FDd08[/youtube]

Жетпіс шақырым аралықтағы елді мекендерді басып өтетін марафонға қатысушылар жерілікті тұрғындармен кездесіп, мәңгілік ел мұраттары, жаңа қазақстандық патриотизм мен ұрпақтар сабақтастығын насихаттайды. Жоспар бойынша жаяу жүрушілер 18 сәуірде Түлкібастағы Шұбайқызыл төбесіне келіп тоқтайды деп күтілуде.