Дәрігерлер жастарды насыбайдан аулақ болуға шақырады

Шымкентте жастардың жағымсыз әдеттерімен күрес басталды. Құқық қорғау қызметкерлері, дәрігер-наркологтар студенттермен кездесу ұйымдастырып, жаманнан жиренуге үйретуде. Жиында дәрігерлер есірткіге құмарлықтың соңы құрдымға апаратынын кезекті рет түсіндірді.

Шымкенттік студенттер осы кездесу барысында есірткінің шырмауынан шыға алмай қалған адамдардың жан түршігерлік суреттерінің куәсі болды. Дәрігерлер мұны инеге таңылған кез келген адамның басынан өтетін жағдай деп түсіндірді. Әсіресе жастар көптеп қолданатын «Спайс» есірткісінің зияны туралы көптеп айтылды.

Дәрігер-нарколог Раушар Баймұрынованың айтуынша, «Спайс» немес «Микстің» адам ағзасына зияны орасан зор. Өйткені оның құрамында түрлі шөптерден басқа химиялық заттардың қоспасы бар. Ал бұл заттар адам азғасын улайды.

Кездесуде насыбайдың зияндығы туралы да әңгіме қозғалды. Дәрігерлер оның денсаулыққа кері әсерін айтып, дабыл қағуда. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені Шымкентте насыбай ататын жастардың саны көбеймесе, азаймай отыр. Ақ халаттылар көкнәрді де ұзақ уақыт қабылдау психикалық ауытқуларға әкеліп, жұқпалы ауру тудыратынын айтады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EqDS2OLHF1s[/youtube]

Раушан Баймұрынова, дәрігер-нарколог: «2015 жылдың 18 сәуірінен бастап насыбайды атуға және сатуға тыйым салынды. Бұрын бұл мәселе бойынша ешқандай шара қолданбайтын. Енді заңға өзгерістер еніп отыр.»

Ал шымкентттік кәсіпкерлер насыбайды сатуға салынған тыйымды елемейді, тіпті, айыппұл да кедергі болар емес. Оның дәлелі ретінде қаладағы базарларда насыбайдың еш кедергісіз саудаланып жатқанын айта аламыз.  Енді насыбай сатуды кәсіпке айналдырғандармен құқық қорғау қызметкерлері айналысатын болады.

Ал дәрігерлер әзірге жастарға қоғамдық орындардыаалкаголь өнімдерін пайдалану, темекі шегіп, насыбай атудың зияны мен қалтаңызды қағатыны туралы түсіндірумен шектеліп отыр.